2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылғы қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №23, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1156 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысымен бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу
Р/с
№ Іс-шаралар атауы Жауапты мемлекеттік органдар Саны Сомасы, мың теңге
1 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу АШМ 5 9146,0
2 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ИДМ 22 41279,0
3 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу МСМ 8 15243,0
4 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ҰЭМ 2 2370,0
5 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ІІМ 1 1146,0
Барлығы: 38 69184,0
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.